Мақалада инклюзивті білім беру жағдайында кіші мектеп жасындағы аутист балалармен жұмыс істейтін педагогтардың практикалық қызметіндегі қиындықтар қарастырылған. Келесі қиындықтар негізделген және талданған: педагогтің инклюзивті білім беруді жүзеге асыруға дайын еместігі туралы ойы, диагностикалық әдістерді қолдану дағдыларының болмауы, ерекше қажеттілігі бар балалардың ерекшеліктері туралы білімнің болмауы, әдістемелік қамтамасыз етуді таңдау, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мазмұнын анықтау және т. б. Осы мәселе бойынша әдебиеттерге шолу жасалды. Зерттеудің келесі әдістері қолданылды: педагогтардың білім мен біліктілік деңгейін, жұмыс ерекшелігі мен тәжірибесін зерделеуге мүмкіндік беретін сауалнама жүргізу; педагогикалық іс-әрекеттің өзін-өзі талдау қабілетін анықтауда әдістер жүргізілді. Инклюзивті ортадағы қызметі үшін қажетті педагогикалық кадрларды даярлауды түзету бойынша ұсыныстар ұсынылды.
Инклюзивті білім беру кеңістігінде кіші мектеп жасындағы аутист балалардың педагогикалық ортасы
Жарияланған June 2022
197
182
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Есиркепова У., Лекерова Г. Инклюзивті білім беру кеңістігінде кіші мектеп жасындағы аутист балалардың педагогикалық ортасы // Педагогика және психология. – 2022. – № 2(51). – С.158–167: DOI: 10.51889/2022-2.2077-6861.18 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/591 (дата обращения: 21.11.2024)