Бұл мақалада автор арнаулы білім беруді қажет ететін балаларды инклюзиялық ортаға қосу, оқытып, тәрбиелеу туралы заңдылықтар мен заңнамалық актілерге сүйене отырып бүгінгі таңның аса өткір мәселесін қозғайды. Бұл қазіргі кезде әлемдік проблемалардың бірі. 1989 жылы қабылданған «Бала құқықтары туралы Конвенция». 1994 жылғы «Саламандық декларация» да осы мәселенің құқықтық негізі болып табылады. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға сәйкес біздің еліміздің заңнамаларында ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін білім алуға тең құқықтар қарастырылғаны атап көрсетіліп, алдағы кезеңде инклюзивті білім беретін бала бақшалар мен мектептердің саны еселеп артатыны айтылған. Әлемдік үдерістерге сәйкес, біздің елімізде де инклюзивті білім беру жүйесі кеңейтетіні белгілі болып отыр. Сондықтан айрықша білім беруді қажет ететін балаларды басқа балалармен бірдей оқытып, тәрбиелеу үшін арнайы мамандардың қажеттілігі арта түсетіні белгілі. Осыған байланысты автор Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Арнаулы білім беру кафедрасының дефектолог мамандар даярлау жолындағы іс- тәжірбиесіне тоқталады. Алайда, бүгінде жастардың дефектология туралы түсінігі аз екенін ескерген автор бұл іске бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту, осы арқылы ата-аналардың, жастардың, жалпы қоғамның инклюзия туралы түсінігін кеңейтудің маңыздылығын атап көрсетеді және БАҚ-тың бұл істегі рөлін көтеру туралы мәселе қозғайды.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Мырзаханқызы Қ. Инклюзивті білім беру мамандарын даярлау мәселелері // Педагогика және психология. – 2020. – № 2(43). – С.83–90: DOI: 10.51889/2020-2.2077-6861.11 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/58 (дата обращения: 24.11.2024)