Қазіргі әлемде мемлекеттер арасында білім беру саласында саяси тұрғыда бәсекелестік жайлы тұжырымдар бар. Қазақстан мен ҚХР Орталық және Оңтүстік Азия аймағындағы озық әрі күшті елдер. Екі елдің геоэкономикалық, әлеуметтік және мәдени саясаты тек осы аймақтағы елдердің дамуына ғана емес, дүние жүзіндегі саяси және экономикалық оқиғаларға да әсер етеді.
Әлемдік жаһандану тенденциясы аясында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы ғылым мен білім саласындағы халықаралық қатынастарды, ынтымақтастықты өзгерту қажеттілігін түсінеді. Білім беру саласындағы инновацияларды дамытуға және енгізуге, екі ел арасындағы қатынастарды дамытуға ықпал ететін білім саласындағы ынтымақтастықты нығайту Қытай-Қазақстан қатынастарындағы басты міндеттердің бірі болып қала береді. Макроэкономикалық саясатты үйлестіру және білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы көптеген келісімдер мемлекет аралық интеграциялық процестердің негізі болып табылады. Конфуций институты мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы екі ел арасындағы білім мен мәдени алмасудың негізгі алаңына айналды. Осы мақаланың авторлары білімді әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялау процесін ашуға тырысты, өйткені білім саласындағы ынтымақтастық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және ең жақсы халықаралық тәжірибеге жақындауға ықпал етеді.