Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНДАҒЫ БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ

Жарияланған December 2021

197

131

КазНПУ имени Абая
Аңдатпа

Мақалада білім беруді жаңарту жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту процесі қарастырылады. Зерттеу мақсаты: еліміздің ұлттық және аймақтық жоғары оқу орындарының мысалында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің даму деңгейін теориялық негіздеу және анықтау. "Кәсіби құзыреттілік" түсінігі талданды, мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің құрылымы анықталды. Кәсіби дайындық саласындағы шетелдік зерттеулерді талдау негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімі үшін өзекті құзыреттер анықталды: инновациялық ойлау, цифрлық сауаттылық, жаһандық азаматтық, педагогикалық бағалаудағы құзыреттілік, нормативтік-құқықтық құзыреттілік, командалық жұмыс және көшбасшылық, өз-өзіне қамқорлық дағдылары және басқалар. Білім беруді жаңарту жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзіреттілігінің даму деңгейлері негізделген: интуитивті, репродуктивті, шығармашылық. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзіреттілігі дамуының диагностика бағдарламасы ұсынылған. Диагностика нәтижелері аймақтық жоғары оқу орнында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің даму деңгейінің төмендігін көрсетті, себептері талданды және кәсіби дайындық жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту бойынша ұсыныстар жасалды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Сыздыкбаева А., Турланкызы А. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНДАҒЫ БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ // Педагогика және психология. – 2021. – № 4(49). – С.138–147: DOI: 10.51889/2021-4.2077-6861.16. [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/542 (дата обращения: 4.12.2024)