Бұл мақала ресейлік музыкатану ғылымындағы деректану ғылымының қазіргі жағдайын зерттеуге арналған: қазір зерттеушілердің алдында жаһандану, мәдени шекаралардың ашықтығы, сонымен бірге рухани жаңғыру және өзін-өзі дамыту сияқты факторларға байланысты жаңа міндеттер тұр. Толық деректануды құруға бағытталған ғылыми-білім беру пәні ретінде деректану мәселелері – өзекті деректануды да, көркем синтезді де қамтитын күрделі үдеріске айналып отыр.
Автор отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі деректанудың құндылығын және музыкалық деректану мәселелерінің қамтылуын атап өтіп, тарихи зерттеулерді ғылыми тұжырымдардың объективтілігі мен дәлдігін қамтамасыз ететін деректану ғылымының музыкатану ғылымы үшін маңызын айқындап, зерттеу көздерінің санын барынша ұлғайтаы және осындай ғылыми зерттеулердің жүйесін құрады. Зерттеу жұмысында мәдени-тарихи, салыстырмалы әдістер қолданылды.
Қазақ музыкасының тарихына қатысты ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде қолданбалы музыкатану ғылымының маңызды саласының бірінде қалыптасқан негізгі мәселелер айқындалады. Отандық ғылымда деректану бағытының даму деңгейінің кенжелеп қалуы, деректанудың әртүрлі түрлерінің өткір тапшылығы, өткен дәуірдің музыкалық ескерткіштерімен және құжаттарымен жұмыс істеу ерекшеліктерін арнайы қарастыратын еңбектердің жоқтығы байқалады.
Мақалада қазақ музыка тарихына қатысты анықтамалық әдебиеттерге ерекше назар аудара отырып, отандық ғылымның кейбір жетістіктері байнеленеді. Бұл әдебиеттің дамуында бірнеше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады, олардың әрқайсысы қазақ музыка өнерінің қалыптасу келбетін қайта жаңғыртуға және маңызды тарихи деректердің сақталуына көп үлес қосады.
Қорытындылай келе, еңбекте ХХІ ғасыр ғылымының алдына жаңа міндеттер қойылды, ұлттық рухани мұраны танудың жаңа көкжиектерін ашатын деректану ғылымының қажеттілігі туралы тұжырымдар жасалған.