Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар инклюзивті білім беру ресурстары ретінде

Жарияланған June 2020

281

124

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Ақпараттандыру заманауи қоғамның даму кезеңдерінің бірі болып табылады. Бұл үдеріс адамның тіршілік әрекетінің барлық салаларындағы білімнің рөлінің ұлғаюымен және жасанды интеллект пен коммуникация құралдарының маңыздылығының артуымен сиaaпатталады. Ақпараттандырудың басты бағыттарының бірі – білім беру саласын заманауи ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарына арналған прогрессивті ақпараттық технологияларды пайдалануға бағдарланған жаңа теориялармен және тәжірибелермен толықтыру болып табылады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) ақпараттандыру нысаны болып есептеледі. Екінші жағынан, қазіргі уақытта оқыту құралдары ретінде білім беру үдерісіне белсенді түрде енгізіліп жатқан да солар. Ақпараттандырудың сәтті жүзеге асуы көп жағдайда оқу орындарының кадрлық және материалдық әлеуетімен, сондай-ақ педагогтардың дайындық дәрежесімен айқындалады. АКТ-ны тәжірибе жүзінде енгізу үдерісі ретсіздік сипатқа ие, алайда, оған тән заңдылық та бар, бүгінде бүкіл әлемнің зерттеушілері соны анықтаумен және зерттеумен айналысып жатыр.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Бегалиева С. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар инклюзивті білім беру ресурстары ретінде // Педагогика және психология. – 2020. – № 2(43). – С.56–62: DOI: 10.51889/2020-2.2077-6861.07 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/53 (дата обращения: 22.11.2024)