Бұл мақалада педагог-психолог тұлғасының тергеу әрекеттерін жүргізудегі рөлі қарастырылады. Тер- геу әрекеттерінің мазмұны бойынша әртүрлі екенін атап өту қажет, мысалы: жауап алу, эксперимент, тінту, анықтау, қарау және басқалар. Осы тергеу іс-әрекеттерінде педагог-психологтың рөлі біркелкі емес және кешенді сипатқа ие. Жауап алу кезінде педагог-психолог өзінің қатысуымен бірінші кезекте баланың оған қойылған сұрақтарға қорқынышсыз және түсінбеушіліксіз тыныш әрі шынайы жауап беру үшін көмектеседі, сондай-ақ тергеушіге де әсіресе сұрақтарды дұрыс қою жағдайында көмегін тигізеді. Алайда, тергеушінің бастамасы бойынша тергеу әрекетіне қатысу үшін шақырылған және оған кәмелетке толмағандармен психологиялық қарым-қатынас орнатуға көмектескен педагог-психолог, ең алдымен, тергеу мүддесінде емес, жасөспірімдердің мүддесіне қамқорлық танытады. Демек, ЖОО-да оқу кезінде болашақ педагог-психолог ретінде студенттерге келесі пәндер, ювенальды педагогика, ювенальды психология және тағы да басқалар бойынша білімді меңгеруі қажет. Сондай-ақ практикадан өту кезінде жоғарыда аталған пәндер бойынша алған білімдерін қолдана білуі маңызды.
Педагог-психолог тұлғасының тергеу әрекеттерін жүргізудегі рөлі
Жарияланған June 2020
117
105
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
педагог-психолог тұлғасы; тұлғалық сапалар; кәсіби сапалар; психологиялық қолдау; тергеу әрекеті
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Қойшығулова Л., Қуандықов Е. Педагог-психолог тұлғасының тергеу әрекеттерін жүргізудегі рөлі // Педагогика және психология. – 2020. – № 2(43). – С.48–55: DOI: 10.51889/2020-2.2077-6861.06 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/52 (дата обращения: 22.11.2024)