Экономикалық сананы зерттей келе, жас ұрпақта оны қалыптастыру мүмкіндіктерін қарастыру керектігі байқалды. Жас ұрпақта экономикалық сана қалыптастыру және оны заман талаптарына сай трансформациялау жолдарын іздестіру. Жас ұрпақта экономикалық сана қалыптасқандығын бағалау өлшемдері мен көрсеткіштері анықталды.
Тұлға бір жағынан өз мүддесін ойластырады, екінші жағынан сол қоғамға сәйкес келуді де түпкі санасында тұтады. Қоғамда болып жатқан жағдайларды сындарлы ойлау арқылы өзінің мұрат, мақсатымен салыстырмалап, сыни тұрғыда бағалай келе, іс-әрекетке бару жолдарын қарастыру, өзінің болашақ іс-қимылын жоспарлау заман талабы десек жаңылмаймыз.
Қоғам қандай болса да адам үшін ең маңызды нәрсе-ішіп жеу, киіну, баспаналы болу, ол үшін қаражат табу, оны жұмсау, еселеп көбейту т.с.с. барлығы келіп экономикаға тіреледі. Демек, кез-келген адамға осы саладан қандай да бір білім, білік, дағдылар қажет, әрі олар саналы қабылданған болса ғана адамның керегіне жарайды. Демек, адамдар қауымына экономикалық білім, білік, дағдылар мен әдеттер қажет.
Тағы бір маңызды нәрсе қоғам дамыған сайын адамның қажеттенулері де өзгеріп, дамып отырады.Енді соған сәйкес келу мәселесі туындайды. Өмірдің барлық қырлары секілді экономиканың элементтерін саналы меңгеру қажет екені айқындала түседі және қоғам дамыған сайын олар өзгеріп отырады. Демек, экономикалық білім, біліктерде жаңғырып отыруы-трансформациялануы тиіс.
Мақала «Экономика патологиясы жағдайында қоғамның экономикалық санасын трансформациялау (Қазақстан Республикасы мысалында)» - AP09259332 ЖТН гранттық зерттеу шеңберінде дайындалған