Аңдатпа
Мақалада жоғары оқу орындарындағы оқу процесін технологияландыру үрдісі, білім беру сапасын жаңарту, білім беру субъектілері арасындағы қатынастарды қайта ойластыру, материалдық-техникалық шығындарды оңтайландыру туралы ғылыми жарияланымдар деректеріне теориялық талдау және жалпылау жүргізілді. Педагогикалық технология ұғымына байланысты ғалымдардың түрлі көқарастары келтірілді. Оқыту технологиялары мен оқытудың интербелсенді әдістерінің айырмашылығы, оқытудың “Үшөлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ)” атты педагогикалық технологияcын оқу процесіне енгізу негізінде оқыту сапасын арттыру және сапаны өлшеу жолдары көрсетіледі. Білім алушының оқудағы жетістіктерін (құзыреттілік деңгейін) квалиметриялық амал негізінде бағалау критерийлері сипатталады. Оқу пәні аясында білім алушының даму траекториясын мониторинг жүргізу арқылы қадағалау, дарынды тұлғаны анықтап, оның өз бетімен дамуына жағдай жасау сияқты көкейтесті мәселелерді технологиялық амал негізінде тиімді шешу жолдары ұсынылады.