Мақала педагогтардың оқушыларды қашықтықтан оқытуға дайындығын қалыптастыру мәселесіне арналған. Авторлар «қашықтықтан оқыту», «дайындық», «педагогикалық модель» ұғымдарын қарастырды, қашықтықтан білім беру жүйесін кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерін зерделеу негізінде қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру үшін мамандарды даярлау жүйесіне, педагогтің оқушыларды қашықтықтан оқытуға дайындығын қалыптастыру құрылымына қойылатын талаптар анықталды, сондай-ақ қашықтықтан оқыту жүйесінде табысты жұмыс істеу үшін болашақ педагогтердің жоғары оқу орындарындағы дайындығын тиімді қалыптастырудың ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары анықталды. Зерттеушілердің қашықтан оқыту жүйесіндегі жұмысқа педагогтарды даярлау мәселелеріне арналған еңбектеріне сүйене отырып, мақалада педагогтың оқушыларды қашықтықтан оқытуға дайындық құрылымының құрамдас бөліктерінің мазмұны, болашақ мұғалімдердің оқушыларды қашықтықтан оқыту жүйесіндегі кәсіби функцияларын жүзеге асыруға дайындығын сәтті қалыптастыру үшін қажет мұғалімдердің дайындық деңгейі мен критерийлері және принциптері көрсетілген. Мақалада нәтижесінде болашақ ұстаздардың оқушыларды қашықтықтан оқытуға дайындығын қалыптастыру болып табылатын болашақ педагогтердің қашықтықтан оқытуға дайындығын қалыптастыру процесінің логикасы мен ішкі динамикасын көрсететін моделі ұсынылған.
ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУҒА ПЕДАГОГТЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МОДЕЛІ
Жарияланған December 2021
209
105
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
қашықтықтан оқыту; дайындық; дайындық құрылымы; деңгейлер мен өлшемдер; дайындықты қалыптастыру моделі
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Mailybayeva G., Zholtayeva G., Zhanatbekova N., Abilgaziyeva Z., Seitbattaliva A. ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУҒА ПЕДАГОГТЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МОДЕЛІ // Педагогика және психология. – 2021. – № 4(49). – С.18–26: DOI: 10.51889/2021-4.2077-6861.03 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/427 (дата обращения: 27.11.2024)