Бұл мақалада көру қабілеті зақымдалған, оның ішінде нашар көретін оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы халық музыкасының алатын орны мен тәрбиелік маңыздылығы талқыланады. Мақаланың мақсаты – оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда халық музыкасын қолданудың маңыздылығын көрсетіп, оны оқыту және тәрбиелеу үрдісінде қолданудың жолдарын анықтау. Зерттеушілердің пікірлерінің негізінде нашар көретін бастауыш сынып оқушыларының бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастырып, дамыту бойынша ұсыныстар беріледі. Мақаланың практикалық бөлімінде оқушылардың халық музыкасына деген қызығушылықтарын анықтау мақсатында жүргізілген сауалнаманың нәтижелері ұсынылған. Сауалнаманың нәтижесі халық музыкасын оқу-тәрбие үрдісінде қолдануға байланысты ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді. Сауалнамаға сәйкес оқушылар заманауи музыкаға қарағанда халық музыкасына деген қызығушылықтарының әлдеқайда төмен екендігін байқатты. Авторлар нағыз патриот, өз халқының ұлттық музыкасын, рухани мұраларын бойына сіңіріп өскен ұрпақ тәрбиелеп шығу үшін халық музыкасын адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда қолданудың маңыздылығына басты назар аудару қажеттігін айтады. Демек, халық музыкасының адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы тәлім-тәрбиелік, тағылымдық маңыздылығы ашылып, оны нашар көретін оқушылардың оқу-тәрбие үрдісіне ендірудің маңыздылығын анықтасақ, ертеңгі ұрпағымыз ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген адамгершілігі мол, патриот азамат болып өсері анық.
Халық музыкасы арқылы нашар көретін оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың маңыздылығы
Жарияланған December 2021
150
114
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Халық музыкасы; Адамгершілік тәрбие; Адамгершілік құндылық;Нашар көретін оқушылар; Ерекше білімді қажет ететін балалар
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Даркембаева А., Бутабаева Л. Халық музыкасы арқылы нашар көретін оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың маңыздылығы // Педагогика және психология. – 2021. – № 4(49). – С.253–264: DOI: 10.51889/2021-4.2077-6861.30 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/383 (дата обращения: 21.11.2024)