Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

WIZER.ME – БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӘРЕКЕТТЕСУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ҚҰРАЛ

Жарияланған December 2021

168

98

Казнпу им.Абая
Аңдатпа

Мақалада мұғалімдерге дәстүрлі және қашықтықтан оқыту үрдістерінде дидактикалық идеялар негізінде, сапалы білім беру мен жаңашылдық ой тудыруда көмекші құрал бола алатын бағдарлама қарастырылған. Білім беру саласында маңызды мәліметтер және құнды ресурстарды дайын ұсынып ғана қоймай, оқушы тез ұғынып, түсініп алатындай көрнекіліктермен баяндау маңызды. Жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеуде негіз болған мәселелер – жүйелі іс-әрекеттік тәсілді жүзеге асыру арқылы практикаға бағдарланған жұмыстарды арттыру, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, білім беру деңгейлері бойынша оқу материалдарын қайта бөлу және пәнаралық кіріктіруді күшейту жолымен пән мазмұнын жүйелеу болып табылады. Ұсынылған мақалада, дәстүрлі және қашықтықтан географиялық білім беру үрдісінде «Физикалық география» бөлімі «Гидросфера» бөлімшесін меңгеру және қайталау мақсатында Wizer.me цифрлық платформасын пайдалану тәсілдері мен тапсырмалар жүйесін құрастыру жолдары келтірілген. Оқушыларға ұсынылған тапсырмалар тізбегінің көрінісі мен бағалау, кері байланыс жұмыстарын жүргізуде тиімділігі айқындалған. Бұл цифрлық құралдың басты ерекшелігі – қолжетімді, білім беруші және білім алушы үшін ыңғайлы, көпқұрылымды тапсырмалар тізбегінен тұратын функциялары арқылы сабақтың барлық кезеңдерінде (миға шабуыл, тақырыпты бекіту мақсатында, қорытынды және кері байланыс жүргізу) қажеттілігі көрсетілген. 

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Мусахан Р., Боранкулова Д. WIZER.ME – БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӘРЕКЕТТЕСУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ҚҰРАЛ // Педагогика және психология. – 2021. – № 4(49). – С.94–104: DOI: 10.51889/2021-4.2077-6861.11. [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/381 (дата обращения: 21.11.2024)