Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене жаттығуын саналы түрде орындауын қалыптастыру мәселесі туралы

Жарияланған December 2021

94

72

«Торайғыров университеті» КЕАҚ
«Торайғыров университеті» КЕАҚ
«Торайғыров университеті» КЕАҚ
«Торайғыров университеті» КЕАҚ
«Торайғыров университеті» КЕАҚ
Аңдатпа

Зерттеу тақырыбының өзектілігі мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі сабақтарында жеке физикалық жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру, дене мәдениетіне деген тұрақты қызығушылықты тәрбиелеу; олардың дағдылары мен өз бетіндік қабілеттерін қалыптастыру болып табылады. Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі саласындағы көптеген теориялық және практикалық ережелерді сыни тұрғыдан қайта қарастыруды талап етеді, бұл дене тәрбиесінің тиімділігін қамтамасыз ететін нақты тетіктерді, мектеп жасына дейінгі балалардың дене дайындығын арттыру бойынша тәрбие үрдісін анықтау, олардың дене шынықтырумен өз бетінше айналысуға деген ынтасын қалыптастыру қажеттілігіне алып келеді. Жұмыстың жаңалығы жалпы дамыту жаттығуларының көмегімен мектеп жасына дейінгі балалардың өзбетіндік дағдыларын қалыптастырудың тиімділігіне әсер ететін педагогикалық шарттарды әзірлеу мен негіздеу болып табылады. Педагогикалық шарттарды жүзеге асыру тетігі мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы дамыту жаттығуларын өз бетінше орындау үшін педагогикалық жағдайларды апробация кезінде мектеп жасына дейінгі балалардың өзбетіндік деңгейлерін анықтауға негізделген. Зерттеу нәтижелері жалпы дамыту жаттығулары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырудың ұсынылған әдістемесінің тиімділігін растады, бұл дене тәрбиесінің сапасын және дене жаттығуларының мектеп жасына дейінгі балалардың көңіл-күй әсерін арттыруға мүмкіндік береді.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Temirgalieva S.., Omarov T.., Baltabaev Y.., Zhilgeldinov S., Kistaubaev Y.. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене жаттығуын саналы түрде орындауын қалыптастыру мәселесі туралы // Педагогика және психология. – 2021. – № 4(49). – С.181–188: DOI: 10.51889/2021-4.2077-6861.21. [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/367 (дата обращения: 27.11.2024)