Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ БАР СӘБИЛІК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІ АЛҒЫШАРТТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Жарияланған December 2021

125

76

Казахский национальный женский педагогический университет
Казахский национальный женский педагогический университет
Аңдатпа

Сәбилердің дамуында сөйлеудің алғышарттары ерекше маңызды. Сөйлеуге дейінгі дамудың бұзылуын ерте диагностикалау түзету-дамыту көмегін уақтылы көрсету үшін қажет. Бұл мақаланың мақсаты – орталық жүйке жүйесінің дамуында ерекшеліктері бар балалардың превербальды кезеңінде жүргізілген тексеру және түзете-дамыту жұмысының нәтижелерін талдау. Осы мәселе бойынша әдебиеттерге шолу жасалды. Зерттеудің келесі әдістері қолданылды: анамнез мәліметтерін, клиникалық деректерді талдау; ата-аналарға сауалнама жүргізу; сөйлеу алғышарттарының даму коэффициенті; импрессивті және экспрессивті сөйлеу тілі алғышарттарының даму қарқынының арақатынасы; оральды праксистің скрининг-диагностикасы. Зерттеу нәтижелері бойынша имитациялық әрекеттің вербалды емес түрінің басым болуы, сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің перинаталды зақымдануы бойынша қатер тобындағы сәбилердің оральды праксис дағдыларының нашар дамығандығы туралы қорытынды жасауға болады. Түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді, содан кейін жоғарыда көрсетілген параметрлер қайта тексерілді. Барлық көрсеткіштердің оң динамикасы байқалды, бұл балаларды ерте дамытудың тиімділігін тағы да бір дәлелі болды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Шубаева Г., Оразбек .Ж. ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ БАР СӘБИЛІК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІ АЛҒЫШАРТТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ // Педагогика және психология. – 2021. – № 4(49). – С.54–61: DOI: 10.51889/2021-4.2077-6861.07 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/366 (дата обращения: 21.11.2024)