Мақалада проактивті копингті дамытуға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жасау бағдарламасын әзірлеу мен тиімділігін тексеру нәтижелері көрсетіледі. Мақала авторлары академиялық стрессті университеттегі оқу процесінің шарттары мен талаптары аясында туындайтын ерекше психоэмоционалды күй ретінде анықтайды. Авторлар академиялық стрессті жеңу әдісі ретінде проактивті копингті ұсынады. Проаткивті копинг – болашақта кездесуі ықтимал стрессті болжауға және оқуға байланысты стресстік жағдайларды шешу үшін қажетті ресурстарды алдын ала жинауға бағытталған копинг. Авторлар проактивті копингті тұлғалық ресурстарды дамыту арқылы қалыптастыруға болады деп болжайды. Ұсынылған қолдау бағдарламасы түлғалық және әлеуметтік ресурстарды дамытуға, оқу дағдылары мен өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған модульдерден тұрады. Зерттеу барысында алынған нәтижелер психологиялық-педагогикалық қолдау бағдарламасының тиімділігін дәлелдейді. Нәтижелер жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына және психологиялық қызметтеріне енгізілуі мүмкін.
Академиялық күйзеліспен проактивті түрде күресуді психологиялық -педагогикалық тұрғыда сүйемелдеу
Жарияланған December 2021
152
101
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
академиялық стресс
проактивті копинг
стресті жеңу ресурстары
психологиялық -педагогикалық сүйемелдеу бағдарламасы
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Умуркулова М., Мухамедкаримова Д., Тен Р. Академиялық күйзеліспен проактивті түрде күресуді психологиялық -педагогикалық тұрғыда сүйемелдеу // Педагогика және психология. – 2021. – № 4(49). – С.62–74: DOI: 10.51889./2021-4.2077-6861.08 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/365 (дата обращения: 27.11.2024)