Мақалада сабақтастық, педагогикалық сабақтастық ұғымдарына түсініктеме беріліп, сабақтастық принципін жүзеге асыру үшін қажетті негізгі қағидалар ұсынылған. Аталған принципті зерттеген педагогтардың еңбектеріне талдау жасалды. Сондай-ақ, білім беру үдерісінде сабақтастық принципінің негізгі бағыттары көрсетілді, оларға: алдыңғы өткен тақырыппен жаңа оқу материалының байланысы арқылы сабақтастықты жүзеге асыру; оқушыларда бар білім қорын кеңейту мен тереңдету арқылы сабақтастықты жүзеге асыру; өтілетін жаңа білімді жоғары деңгейде игеруде сабақтастықты жүзеге асыру, жаңа білімді меңгерте отырып оқушыларда бұрыннан бар білімді дамытуда, жетілдіруде сабақтастықты жүзеге асыру; оқу материалын қайталау барысында, яғни материалды қайта жаңғыртумен қатар оны салыстыру мен қарама-қарсы қою арқылы сабақтастықты жүзеге асыру жатады. Мақалада осы көрсетілген сабақтастық принципінің негізгі бағыттарын жүзеге асыру жолдары баяндалды.
ОРТА МЕКТЕПТЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ САБАҚТАСТЫҚ
Жарияланған September 2021
157
131
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
сабақтастық
сабақтастық принципі
білім беру
үдеріс
жаратылыстану
оқу-танымдық сабақтастық
процессуалды-оқыту сабақтастығы
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Ерженбек Б., Сыдықова Ж., Нұрмұхамедова Ж., Нұрбаева Д., Жұмалиевa Л. ОРТА МЕКТЕПТЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ САБАҚТАСТЫҚ // Педагогика және психология. – 2021. – № 3(48). – С.49–57: DOI: 10.51889/2021-3.2077-6861.06 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/361 (дата обращения: 27.11.2024)