Мақалада бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін дамытудың лингвистикалық негіздері қарастырылған. Сөйлеу әрекетін қалыптастыруда мәтіннің алатын рөлі ерекше екеніне тоқталған. Сөйлеу әрекеті жеке-жеке сөйлемдер құрастыруды емес, бірнеше сөйлемнің басын құрап, әрі грамматикалық, әрі мағыналық жағынан байланыстырып, тұтас мәтін түрінде сөйлеуді талап ететіні көрсетілген. Демек, бастацш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін қалыптастырудың түпкі нәтижесі шығарма, әңгіме, яғни мәтін бо- луы тиіс. Ғалымдардың мәтіннің тілдік қатынастағы рөлі жайлы еңбектеріне талдау жасалған. Мәтінге тән ғылыми белгілер көрсетіліп, бастауыш сыныпта мәтін бойынша берілетін негізгі түсініктер ұсынылған. Соны- мен қатар мәтіндерді оқу және талқылау арқылы дұрыс сөйлеуді және жазуды үйренуге мүмкіндік жасалаты- ны атап өтілген. Солардың негізінде бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін мәтін арқылы дамыту жолдары қарастырылған.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін дамытудың лингвистикалық негіздері
Жарияланған March 2020
173
211
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Исатаева Ә., Уайсова Г. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін дамытудың лингвистикалық негіздері // Педагогика және психология. – 2020. – № 1(42). – С.156–163: DOI: 10.51889/2020-1.2077-6861.20 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/33 (дата обращения: 22.11.2024)