Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Инновациялық білім беру – бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудағы маңызды бағыт

Жарияланған March 2020

232

223

Т.К.Жургенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
Аңдатпа

Lingua franca ретіндегі ағылшын тілінің мәртебесі мен оның адам тұрмыс-тіршілігінің көптеген саласындағы ықпалының ұдайы артуы қазіргі таңда әлемде алуан түрлі пікірлер туындатып, лингвистикалық ғылымда және іс жүзіндегі шет тілін оқыту тәжірибесінде сәйкес бағыттардың пайда болуына әсер етті. Әлемдік лингвистикалық дидактикада шет тілдерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері қоры үздіксіз толықтырылып, жетілдіріліп отырады. Бұл, бір жағынан, ағылшын тілінің ықпалын нығайтумен, оны түрлендірумен, екінші жағынан, тілдік алуандық пен мәдени тектестікті сақтаумен байланысты өзекті мәселелер шешімін іздестіруге саяды.

Лингвистикалық категория ретіндегі «транслингвализм» және дидактикалық әдіс ретіндегі «транстілділік» концептерінің пайда болуы жаңа білім алу және бұрыннан бар лингвистикалық дидактикалық тәжірибені ұлғайту тұрғысынан зор қызығушылық тудырады. Ұлыбританияда педагогикалық құрал ретінде пайда бо- лып, кейінірек көптеген ғалымдардың күш салуымен педагогикалық жүйе ретінде рәсімделіп, америкалық ғалым Офелия Гарсиа мен британдық лингвист Ли Вэйдің еңбектерінде теориялық тұрғыдан негізделген осы құбылыстың мәні туралы шетелдік лингвистикада қызу пікірталас жүруде. Транстілділік шет тілі бойынша даярлық тұрғысындағы күшті педагогикалық құрал, ағылшын тілін түрлендіру және дамыту тәсілі ретінде ғана емес, сондай-ақ, әлеуметтік салада, соның ішінде түрлі тілдік мәдениет иелерінің тілдесу тәжірибесінде қордаланған кілтипанды мәселелерді шешу жолы ретінде де қарастырылады.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Iskakova A. Инновациялық білім беру – бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудағы маңызды бағыт // Педагогика және психология. – 2020. – № 1(42). – С.147–155: DOI: 10.51889/2020-1.2077-6861.19 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/32 (дата обращения: 21.11.2024)