Жаһандану заманында ақпараттар легі де зор. Толассыз келіп жатқан ақпараттар ағымы білімалушыға пайдасы мен зиянын қатар тигізіп жатқаны жасырын емес. Тілді шұбарлап сөйлеу, ана тілінде сауатты сөйлей алмау, кейбір сөздердің мағынасын жете түсінбеу, күнделікті қарым-қатынас тілімен ғана шектеліп, әдеби тіл нормаларын сақтамау қалыпты құбылысқа айналып барады. Сондықтан да қазіргі білім беру үдерісінде оқушының сөйлеу тілін дамытудың маңызы зор. Оқушыны сауатты әрі мәдениетті сөйлеуге үйрету сабақ үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы жүзеге асады. Оқушының айтылым дағдысын интерактивті әдіс-тәсілдер арқылы дамыту осы түйінді мәселені шешуге сәл де болса септігін тигізері анық. Айтылым екі жақты байланысқа негізделетін - сөйлесім әрекетінің түрі. Айтылым сөйлеу актісін жүзеге асырады және ол белгілі бір коммуникативтік мақсатты іске асыруға бағытталады. Айтылымда оқушы өз ойын, тұжырымын жеткізуге дағдыланады. Дағды бірден қалыптасатын әрекет емес. Ол түрлі кезеңдерден өтеді. Алған білімін күнделікті қайталау, өз ісіне баға беру, кеткен кемшіліктер мен кедергілерді анықтау арқылы жетіле түседі. Егер оқушы өз әрекетіне сыни тұрғыдан баға бере алмаса, бір әдіспен орындалатын тапсырманы күнделікті орындау арқылы білімін кеңейте алмаса, онда дағды қалыптаспайды. Мақалада айтылым, дағды және интербелсенді әдістер жайлы сөз болады. Ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, айтылым мен дағды туралы сөз қозғалады. Оқушылардың айтылым дағдысын қазақ тілі сабағында интербелсенді әдіс-тәсілдер арқылы дамытудың жолдары ұсынылады.
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЙТЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ
Жарияланған September 2021
299
188
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
айтылым; дағды; интербеленді әдістер; сөйлеу актісі; коммуникация; сөйлесім әрекеті; қатысымдық бірлік.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Оразбаева Ф., Рахметова Р.., Рауандина A. ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЙТЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ // Педагогика және психология. – 2021. – № 3(48). – С.211–218: DOI: 10.51889/2021-3.2077-6861.23 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/299 (дата обращения: 21.11.2024)