Мақала кәсіби-педагогикалық құзыреттілік құрылымы мен логикасы бойынша педагогтердің IT-құзыреттілігін дамыту қажеттілігін негіздейді. «Өрлеу» БАҰО» біліктілігін арттыру жүйесі зерттелген құзыреттілікті дамыту үшін дербестендірілген білім беру ортасы ретінде қарастырылады. «Өрлеу» БАҰО» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында жүргізілген зерттеудің әдістемесі көрсетілген. Сонымен бірге, облыстағы мұғалімдерге арналған сауалнаманың нәтижелері ұсынылып, АТ құзыреттілігін дамытуды курстан кейінгі қолдау жағдайындағы жұмыс жүйесі сипатталады, зерттелген дамудың оң динамикасы аспектілік мониторинг деректері арқылы дәлелденеді. Зерттеу нәтижелері бойынша біліктілікті арттырудағы 3 бірыңғай тәсілдің тиімділігі, оның ресурстары мен білім беру ортасы үшін жүйелі және басқарылатын / өзін-өзі басқаратын АТ құзыреттілігін дамыту туралы тұжырымдар жасалды, бұл мұғалімдерді мақсатты оқыту және өзіндік білімін жтілдіруге ынталандыру, өзін-өзі жүзеге асыру және цифрлық дидактика өнімдерін құрудағы жетілдіру процестерінде көрінеді және оларды өз тәжірибелерінде әдістемелік тұрғыдан сәйкес қолдану.
Pedagogterding IT-quzyrettiligin damytu biliktilikti arttyru zhuyesindegi zhekelendirilgen bilim beru ortasynda
Жарияланған June 2021
260
205
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Ахметова Г., Мурзалинова А., Альмагамбетова Л., Уалиева Н. Педагогтердің IT-құзыреттілігін дамыту біліктілікті арттыру жүйесіндегі жекелендірілген білім беру ортасында // Педагогика және психология. – 2021. – № 2(47). – С.17–31: DOI: 10.51889/2021-2.2077-6861.02 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/225 (дата обращения: 23.02.2026)
