Бұл мақалада жоо-да болашақ мамандарды мектептегі инклюзивті білім беру жүйесіне дайындаудың мүмкіндіктері қарастырылады. Инклюзивті білім беру ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды әлеуметтендіруге жүйелі кешенді көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Білім беру және әлеуметтік даму ресурсы бала және оның отбасы мүмкіндіктерімен ғана емес, бірінші кезекте әртүрлі субъектілерді ендіретін білім беру ортасының мүмкіндіктерімен және ресурстарымен тығыз байланысты. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды бұқаралық білім беру ортасына енгізу қазіргі заманғы білім беру жағдайында осындай баланың өзін-өзі анықтауы мен даму әлеуетін анағұрлым күшейтеді. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру жағдайында білім беру ортасының мүмкіндіктері ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды және олардың отбасын психологиялық-педагогикалық қолдаудың (психокоррекциялық, психотерапевтік) дәстүрлі мүмкіндіктерінен жоғары болуы қажет.
ЖОО-да болашақ мамандарды мектептегі инклюзивті білім беру жүйесіне дайындаудың мүмкіндіктері
Жарияланған March 2020
103
148
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Шұғаева Г., Шманқызы Н. ЖОО-да болашақ мамандарды мектептегі инклюзивті білім беру жүйесіне дайындаудың мүмкіндіктері // Педагогика және психология. – 2020. – № 1(42). – С.72–77: DOI: 10.51889/2020-1.2077-6861.09 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/22 (дата обращения: 27.11.2024)