Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Отбасы – тұлға тәрбиесінің негізгі институты

Жарияланған June 2021

157

132

Алматы көпсалалы колледж
Аңдатпа

Мақалада қазақ отбасының маңызды функцияларының бірі – тәрбие мәселесі қарастырылады. Отбасындағы тәрбие белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастары, өзара тұрмыстық өмірі. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда және оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды. Отбасы тәрбиесі – нақты отбасы жағдайындағы ата-ананың және басқа туысқандарының ықпалы арқылы берілетін тәрбие мен білім беру жүйесі. Бала бойында жақсы мінезқұлықтарды сіңіруде ата-ананың және үлкендердің жеке бас үлгі-өнегесі ерекше рөл атқарады. Қазіргі уақытта отбасы тәрбиесі – педагогика ғылымының қарқынды дамыған саласы, бөлінбейтін бір бөлігі және жеке оқыту пәні болып табылады. Отбасылық тәрбие – рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтар жүйесіндегі отбасындағы тәрбиенің жалпы және әдіснамалық негіздері бойынша қажетті білімдер, икемділіктер және дағдыларды сипаттайды, отбасындағы тәрбие жұмысының мазмұны мен әдістерін, отбасындағы тәрбиені тиімді ұйымдастыру жолдарын, бала тәрбиесі және оны жетілдірудің амал-тәсілдерін, сонымен қатар тәрбиенің сапасын арттыру мәселелерін де қамтиды.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Кожахметова Ж., Наурызбай З. Отбасы – тұлға тәрбиесінің негізгі институты // Педагогика және психология. – 2021. – № 2(47). – С.249–255: DOI: 10.51889/2021-2.2077-6861.29 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/215 (дата обращения: 21.11.2024)