Мақала заманауи қазақстандық композитор, Қазақстан композиторларының бесінші буынының өкілі Данияр Бержапраковтың шығармашылығына арналады. Композитордың флейта, альт пен қыл-қобызға арналған «Камлание» атты шығармасы XXI ғасырдағы Отандық камералық-аспаптық музыкадағы жаңа тембрлік шешімдерді анықтау тұрғысынан қарастырылады. Бұл тақырып қазіргі кезде өзекті, жаңа әрі аз зерттелген болып табылады. Бүгінгі таңда қазақстандық музыкатану ғылымында отандық композиторлардың көптеген шығармалары тембрлік драматургия және жаңа музыкалық бояуларды іздеу мәселесі жағынан арнайы зерттелген жоқ. Осы тұрғыдан алғанда қазіргі композитор, музыкатанушы және жалпы өнер сүйер қауымы үшін XXI ғасырдағы қазақ музыкасын зерттеудің маңыздылығы арта түсуде. Бұл мақаланың негізгі міндеті - тембрді жетекші категория, драматургияның маңызды элементі әрі шығарма тұжырымдамасы ретінде көрсету идеясы және Д.Бержапраковтың «Камлание» шығармасындағы тембр шешімі мен орындау әдістерінің өзіндік ерекшелігін анықтау болып табылады.
Кілт сөздер: тембр, тембрлік драматургия, техникалық әдіс, штрихтар, бояу, обертондар, қыл-қобыз, виолончель, камералық музыка, композитор, нотация.