Мақалада биология пәнін оқытуда заманауи білім беру компьютерлік бағдарламалары мен инновациялық оқыту технологияларын қолданудың ерекшеліктері туралы ақпарат берілген. Зерттеу жұмысына сәйкес, биология пәнінің кіріспе тақырыптарын оқытуда заманауи тиімді инновациялық технологияларды қолдану жолдары қарастырылып, әдістемесі әзірленді. Интеграцияланған білім беру процесін қолданудың практикалық маңыздылығы – бірнеше ғылым салаларының өзара интеграциясы негізінде оқушылардың болашақ мамандығына деген қызығушылығы мен сенімін арттыру болып табылады. Зерттеу нәтижелері бойынша әзірленген сабақ әдістері педагогикалық тәжірибе барысында сыналып, олардың тиімділігі дәлелденді. Биотехнологияны оқытуда модель әдістерінің терең мазмұнын талдау және қолданудың маңыздылығы зор. Осыған байланысты жеке тұлғаның ғылыми біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін заманауи STEM интеграцияланған бағдарламаларын пайдалану өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мақалада биотехнология пәніндегі арнайы модульде сәбіз экстрактісінен пектинді заттар алу тақырыбын оқытуда пәнаралық STEM бағдарламаларын қолдану ерекшеліктері мен практикалық зерттеу әдістерінің мысалдары келтірілген.
БІЛІМ БЕРУДЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН STEM ӘДІСІН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, БИОТЕХНОЛОГИЯ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ: Биологияны оқыту мен XXI ғасыр құзыреттерін дамытудағы пәнаралық тәсіл
Жарияланған December 2025
0
0
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Temirkhan B., Zhumagulova K. БІЛІМ БЕРУДЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН STEM ӘДІСІН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, БИОТЕХНОЛОГИЯ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ: Биологияны оқыту мен XXI ғасыр құзыреттерін дамытудағы пәнаралық тәсіл // Педагогика және психология. – 2025. – № 4(65). – С.24–31: DOI: 10.51889/2960-1649.2025.65.4.003 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/2099 (дата обращения: 19.01.2026)

