Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Арнайы педагогика саласындағы мамандарды даярлауда жобалық оқыту технологиясының мазмұны мен педагогикалық мүмкіндіктері

Жарияланған December 2025

0

0

Abai Kazakh national pedagogical university
Abai Kazakh National Pedagogical University
Director of the Maria Grzegorzewska Poland
Аңдатпа

зерттеудің мақсаты – арнайы білім беру саласындағы мамандарды даярлауда жобалық оқытудың мазмұны мен педагогикалық мүмкіндіктерін талдау. Жобалық оқыту болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттерін дамытуға ықпал ететін тиімді әдіс ретінде қарастырылады. Зерттеуде сапалық және сандық әдістер қолданылды, оның ішінде ғылыми жарияланымдарды талдау, студенттер мен оқытушылар арасында жүргізілген сауалнамалар және оқу үдерісін бақылау әдістері қолданылды. Зерттеу Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде (ОҚМПУ) жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері жобалық оқытудың оқу материалын терең меңгеруге, сыни ойлауды дамытуға және студенттердің топпен жұмыс істеу қабілетін арттыруға септігін тигізетінін көрсетті. Сонымен қатар, бұл әдіс студенттердің оқуға деген мотивациясын және кәсіби қызметке дайындық деңгейін арттыруға оң әсер етеді. Жобалық оқыту теориялық білім мен практикалық дағдыларды біріктіруге мүмкіндік береді.

Аталған зерттеу арнайы білім беру саласындағы мамандарды даярлау ісіне елеулі үлес қосады және жобалық оқытудың инновациялық әдіс ретінде маңыздылығын көрсетеді. Зерттеу нәтижелері арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге бағытталған жаңа оқу бағдарламаларын және оқыту стратегияларын әзірлеуде пайдаланылуы мүмкін.

PDF (English)
Тіл

English

Кілтті сөздер
Дәйексөздерді қалай жазу керек

Мамадалиев С., Autayeva A., Kulesza E.M. Арнайы педагогика саласындағы мамандарды даярлауда жобалық оқыту технологиясының мазмұны мен педагогикалық мүмкіндіктері // Педагогика және психология. – 2025. – № 4(65). – С.142–149: DOI: 10.51889/2960-1649.2025.65.4.015 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/2035 (дата обращения: 11.01.2026)