Түркі-моңғол әлемінің мәдениеті мен өнері – зерттеушілердің назарында көп болатын гуманитарлық ғылымдардың сарқылмас тақырыптарының бірі. Көптеген ғасырлар бойындағы тарихи бел-белестер арқасында қалыптаса отырып, ерекше өнер жәдігерлері мен архитектуралық құрылымдар дәләл болғандай Ұлы далада зороастризм, манихейлік дін, буддизм, христиан және исламның таралуына ықпал етті. Бұл мақала авторлар діндер мен мәдениеттердің ежелгі айрықша қиылысқан жері - Күлтөбе қалажұртының мысалында түркі-моңғол әлемінің біртұтастығы мен алуан түрлілігін зерттеуге арналған. Мұнда, Күлтөбе қалажұртында, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты жүргізген көпжылдық ғылыми-археологиялық зерттеулер барысында археологияның бірегей ескерткіші кең түркі-моңғол әлеміндегі мәдениеттер мен діндердің «тоғысқан жері» ретінде айтуға мүмкіндік беретін шын мәнінде теңдесі жоқ заттай дәлелдер (архитектуралық нысандар мен артефактілер) табылды. Белгілі сопы және ақын Х.А. Ясауи өмір сүріп, уағыздаған жер - Күлтөбе, кейінірек Ясы қаласы рухани және діни ойдың маржаны - түркі сопылығы дамыған.
Жұмыс Алтай мемлекеттік университетінің №748715Ф.99.1.ББ97AA00002 мемлекеттік тапсырмасы, «Үлкен Алтайдың» түркі-моңғол әлемі: тарих пен қазіргі замандағы бірлік пен әртүрлілік» жобасы аясында дайындалған.