Жаһандану – біздің дәуірімізде көптеген себебтерден туындаған ақиқат. Осы құбылыстың үдерісі мен нәтижелері әр халыққа, қауымдастыққа және әрбір адамға барлық салада дерлік әсер етеді.
Дамудың қазіргі кезеңі білім беру жағдайына сөзсіз әсер ететін қоғамның, жалпы өркениеттің алдында тұрған жаһандық сын-қатерлердің қалыптасуымен сипатталады. Жаңа қазақстандық білім беру парадигма- сына көшу талабы құзіреттілікке негізделген тәсілді жүзеге асырудың бірден-бір мақсаты болып табылады.
Бұл зерттеу танымды, тіл мен мәдениетті түсінудегі логикалық, тұжырымдамалық құзіреттілікке негізделген зерттеулердің іргелі еңбектерінен табуға болатын көзқарасқа арналған. Осы жұмыста болашақ мамандардың мәдениетаралық қарым-қатынас құзіреттілігін қалыптастырудың мәңі, механизмі мен маңыздылығы сипатталған.
Берілген жұмыс «Отандық білім беруді модернизациялау жағдайында көптілді ІТ маманының құзіретті инновациялық моделін әзірлеу және енгізу» атты гранттық жоба аясында жүзеге асырылып жатыр.