Мақала нашар еститін бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін дамытудағы педагогикалық зерттеулердің теориялық ережелерін талдауға арналған. Есту қабілеті нашар оқушылардың сөйлеу әрекетін дамыту мәселелері арнайы мектептер үшін аса өзекті, біздің көзқарасымыз бойынша есту қабілеті нашар оқушыларды оқыту жүйесі әрқайсысына жеке көзқарас қағидаларына негізделген. Нашар еститін тұлғалардың сөйлеу ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы мектеп оқушыларының сөйлеу әрекетінің даму деңгейін еститін балалардың даму деңгейіне жақындатуға және олардың толыққанды әлеуметтік-мәдени бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған. Осыған байланысты нашар еститін бастауыш сынып оқушыларын оқытуда әлеуметтенудің негізгі көрсеткіші ретінде олардың сөйлеу әрекетін дамыту міндеті маңызды рөл атқарады.
Зерттеудің мақсаты арнайы мектеп жағдайында нашар еститін 3-4 сынып оқушыларының «Әдебиеттік оқу» сабақтарында сөйлеу әрекетін дамыту үрдісінің ерекшеліктерін анақтау болып табылады.
Нашар еститін білім алушылардың сөйлеу әрекетін педагогикалық бағалау сөйлеудің (диалогтық және монологтық сөйлеу) анық (сөйлеу әрекетін нақтылық талдауға негізделген) және семантикалық логикалық байланыстар орнатуды және қорытындыларды, тұжырымдауды талап ететін) талдау жүргізу қабілеттерін анықтауды көздейді. Жеке сөз тіркестерінің мазмұнын түсіну мәтіндік түсінікті қамтамасыз етпитінін ескеру маңызды.
Зерттеу әдістемесі: В.П.Глуховтың модификацияланған әдістемесі (нашар еститін оқушылардың сөйлеу әрекетінің даму деңгейін бағалау); В.К.Воробьева, А.А.Леонтьевтің біртұтас тұжырымының тұтастығы әдістемесі.