Осы мақалада университет академиялық аясында әйел көшбасшылығына психологиялық-
педагогикалық қолдау механизмдері қарастырылады. Онда экономикалық дамудың алуан түрлі сатысында орналасқан Америка, Еуропа және Азия елдерінде жүргізілген заманауи теориялық және қолданбалы зерттеулер негізінде әйелдің академиялық салада басшылық қызмет атқаруына кедергі келтіретін әлеуметтік-мәдени, ұйымдастырушылық және психологиялық факторлары анықталды. Сондай-ақ, әйел көшбасшылығын қалыптастыру мен қолдауға қолайлы орта құруға ықпал ететін жағдайлар мен тетіктер, соның арасында тәлімгерлік, кәсіби желілер және стресс басқару бағдарламалары талданады.
Әлемдік тәжірибені зерделеу арқасында мақалада қазақстандық жағдайға бейімдеуге келетін шаралар ұсыну мүмкін болды. Мақалада гендерлік теңсіздікті жоюға және сол бағытта кешенді іс-шаралар жүргізуді нығайтуға бағытталған стратегиялық шешім маңыздылығы атап өтіледі. Ол институционалдық қолдау, көшбасшылық дағдыларды дамыту және гендерлік стереотиптер ықпалын жоюды қамтымақ. Зерттеу нәтижелері білім беру саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу жолындағы еліміздің халықаралық міндеттемелерін орындауға ықпал ететін әйел көшбасшылығын қолдау үшін құрылымды қатынас қалыптастыру қажеттілігін көрсетеді.