Мақалада толеранттылықты білім беру үдерісіне егізу және кіші мектеп оқушыларында толеранттылықты тәрбиелеудің тиімді педагогикалық шарттарын анықтау бойынша теориялық және қолданбалы педагогикалық зерттеулер талданады. Педагогикалық тәжірибеде толеранттылықтың түрлі компоненттерін дамытуға бағытталған, сонымен қатар көпмәдениетті, этносаралық толеранттылықты қалыптастыруға бағытталған кәсіби құзыреттілігін арттырудың педагогикалық технологияларының кең спектрі ұсынылған, әдістер кешені, кіріспе дәрістер, зерттелетін проблеманың ерекшеліктеріне байланысты оқыту семинарлары, жаттығулар қолданылады. Бастауыш мектептің білім беру процесінде кіші мектеп оқушыларының мәдениетаралық толеранттылығын тәрбиелеу, педагогикалық тәжірибені зерттеу, бастауыш білім беру саласындағы мамандарға балалар контингентінің мәдениетаралық толеранттылығын тәрбиелеуге қатысты теориялық мәселелер бойынша ақпарат берудің маңыздылығы көрсетілген. Кіші мектеп оқушыларында мәдениатаралық төзімділікті тәрбиелеу бойынша мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру үдерісінің ұйымдастырушылық, ақпараттық, практикалық, тиімді кезеңдері анықталды.
Кіші мектеп оқушыларында мәдениетаралық төзімділікті тәрбиелеу шарты ретінде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру
Жарияланған June 2021
149
126
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Bessarab N. Кіші мектеп оқушыларында мәдениетаралық төзімділікті тәрбиелеу шарты ретінде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру // Педагогика және психология. – 2021. – № 2(47). – С.40–47: DOI: 10.51889/2021-2.2077-6861.04 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/180 (дата обращения: 21.11.2024)