Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ГЕОСАЯСАТ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУЫН БАҒАЛАУ

Жарияланған October 2024

63

0

Abai Kazakh National Pedagogical University
Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстандағы мектеп географиясының оқу бағдарламаларындағы «Геосаясат» бөліміне талдау жасалып, жалпы білім беретін мектеп оқушыларының осы тақырып бойынша білім деңгейі мен қабылдауы бағаланады. Геосаяси концепциялардың игерілу дәрежесін анықтау мақсатында деректер жинау үшін сауалнама әдісі қолданылды. Авторлар өз алдына оқу материалдарының мазмұнын талдау, сауалнама құралын жасау, сауалнама жүргізу және оқушылардың білім деңгейі мен хабардарлығын анықтау үшін алынған мәліметтерді талдауды мақсат етіп қойды. Мақала аясында оқу бағдарламасының мазмұны, оның тиімділігі мен оқушыларға тигізетін әсері жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында геосаясат тақырыбын меңгеру деңгейін анықтау үшін нақты сұрақтар мен тапсырмалар әзірленді. Сауалнама нәтижелері оқушылардың геосаяси ұғымдарды қаншалықты дұрыс түсінетінін, олардың геосаяси мәселелерді талдау қабілетін және осы тақырыпқа деген қызығушылығын анықтауға көмектесті. Дегенмен, кейбір оқушыларының геосаясат туралы түсінігі толық емес, бұл оқу материалдарының түсініксіздігінен немесе қызығушылықтың болмауынан болуы мүмкін. Тұтастай алғанда, авторлар мектеп бағдарламасындағы геосаясатты зерделеу оқушылардың жаһандық мәселелерді терең түсінуі мен аналитикалық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, бірақ оқытудың тиімділігін арттыру үшін қосымша күш салуды қажет етеді деген қорытындыға келеді. Сонымен қатар, зерттеу геосаясат 10-11 сыныптар үшін оқу бағдарламасында толық қамтылатыны анықталды. Дегенмен, негізгі мәселе бөлімді оқуды аяқтағаннан кейін білім алушылар бұл ұғымды қалай қабылдайды, әлемдік мәселелердің мәнін қаншалықты түсінеді және әлем мен Қазақстанның геосаясат саласындағы қазіргі жаһандық үрдістерді қалай бағалайтындығы болып қалады.          

pdf (English)
Тіл

English

Кілтті сөздер
Дәйексөздерді қалай жазу керек

Мырзалы Н., MUZDYBAYEVA K., RAKHYMZHAN R., ABDIMANAPOV B., BERDYGULOVA G. МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ГЕОСАЯСАТ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУЫН БАҒАЛАУ // Педагогика және психология. – 2024. – № 3(60). – С.46–58: DOI: 10.51889/2960-1649.2024.60.3.005 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1761 (дата обращения: 22.12.2024)