Мақалада авторлар «виртуалды тұлға» құбылысының психологиялық-педагогикалық сипаттамаларын анықтауға тырысты. Осы жұмыстың негізгі мақсаты «on-line community» - де виртуалды тұлғаның портретін жобалау үшін әлеуметтік-психологиялық себептерді (анонимдік және құпиялылық, экспрессия және өзін-өзі көрсету, рөлдер мен сәйкестіктерді зерттеу, әлеуметтік өзара іс-қимыл және қабылдау) контент-талдау нәтижелерін көрсету.
«On-line community» -де виртуалды тұлғаның портретін модельдеудің квинтэссенциясы желілік коммуникативтік мәдениет көрсеткіштері мен қазақстандық студенттердің мінез-құлық үлгілері арасындағы корреляцияны белгілеу үшін қолданылатын әлеуметтік-педагогикалық стратификацияны талдаудың әдіснамалық тұжырымдамасын анықтауды көздейді.
Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша «виртуалды тұлға», «виртуалды тұлға бейнесі», «виртуалды сәйкестілік» ұғымдары ұсынылып, нақтыланды. Біз әзірлеген эксперименттік зерттеу алгоритмі негізінде: әлеуметтік желілердің детерминистік ерекшеліктерін негіздеуге; жеке тұлғаны әлеуметтендірудегі «on-line community» басым рөлін ашуға; оның қазіргі студенттердің құндылық бағдарларына нақты әсерін ашуға мүмкіндік береді.
Зерттеу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ИРН «BR21882318 Жоғары оқу орнының «online community» кеңістігінде оқытушылар мен студенттердің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін қалыптастыру жүйесін кастомизациалау» жобасы аясында жүргізілді.