Географиялық білім беруде пәнаралық байланыс білім беру мазмұнының негізгі элементтерін оқшаулауға, жүйе құраушы идеяларды, ұғымдарды, оқу іс-әрекетінің жалпы ғылыми әдістерін, оқушылардың әртүрлі ғылыми пәндерден білімді кешенді алу мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік береді. Пәнаралық байланыс әрбір оқу пәндерінің құрамы мен құрылымына әсер етеді. Сондықтан географияның мазмұнында ескерілетін және керісінше географиядан басқа ғылыми пәндерде өтетін пәнаралық байланыстарды бөліп көрсету өте маңызды. Осы зерттеудің мақсаты - географиялық білім беру технологияларын біріктіретін пәнаралық байланысты ғылым салаларына жүйелі шолу жүргізу болды. Зерттеуде географияның тарих; биология; экология; математика; картография; физика және химия ғылымдарымен пәнаралық байланысын анықтау үшін талдау, саралау, жүйелеу әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде, аталған ғылым салалары – оқушыда тұтас ғылыми дүниетанымды қалыптастырып, пәнаралық байланыстарды нығайтатындығы және әр түрлі пәндердің интеграциясы шеңберінде когнитивті дамуды, абстрактілі ойлауды, шығармашылықты арттыратындығы белгілі болды. Осылайша, географиялық білім берудегі пәнаралық байланыс - бұл бірқатар пәндердің оқу материалын іріктеуге және құрылымына әсер ететін, оқушылардың білімінің жүйелілігін арттыратын, оқыту әдістерін белсендіретін, оқу-тәрбие процесінің бірлігін қамтамасыз ете отырып, оқытуды ұйымдастырудың кешенді формаларын қолдануға бағытталған оқытудың заманауи принципі.
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС: ҒЫЛЫМ САЛАЛАРЫНА ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ
Жарияланған July 2024
113
0
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Sarsebaeva A., ABDIMANAPOV B., USSENOV N., GAISIN I., ISSAKOV Y. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС: ҒЫЛЫМ САЛАЛАРЫНА ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ // Педагогика және психология. – 2024. – № 2(59). – С.76–86: DOI: 10.51889/2960-1649.2024.59.2.014 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1586 (дата обращения: 22.11.2024)