Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

МЕКТЕП БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНЫҢ КИБЕРҚАУІПСІЗДІГІН САРАПТАУДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІ МЕН КРИТЕРИЙЛЕРІ

Жарияланған September 2023

153

128

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
НАО «Павлодарский педагогический университет им. Ә. Марғұлан»
Аңдатпа

Бұл мақалада білім беру жүйесі болып табылатын қоғамның әлеуметтік ішкі құрылымдарының киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік міндеттерді шешу қажеттілігінен тұратын зерттеу проблемасының өзектілігі негізделген. Бүгінгі таңда зерттеліп жатқан мәселенің құқықтық базасы мектептің білім беру ортасына арналған проекцияда жетілдіру мен дамытуды аса қажет етеді. Бұл оның субъектілерінің киберқауіпсіздік, киберқорғау және киберэтика мәселелерінде жеткіліксіз хабардар болуымен байланысты. Бұған осы мақала авторларының эмпирикалық бақылаулары ғана емес, сонымен қатар мектеп ортасының кибер қауіпсіздігін нақты педагогикалық өлшеуіштердің іс жүзінде болмауы да дәлел болып табылады.

Зерттеудің мақсаты мектеп ортасының киберқауіпсіздігінің ерекшелігін ашу болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін мақала авторлары киберқауіпсіздік ұғымын ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдіснамасы ретінде қабылданатын білім берудегі орта тәсіл тұрғысынан түсіндіреді. Осы әдіснамалық проблемалық өрісте ғылыми еңбектерді теориялық талдау, ресми құжаттарды кабинеттік зерттеу әдістері қолданылған.

Аталған әдіснамалық  ұстанымдарға сүйене отырып, мақала авторлары мектеп ортасының киберқауіпсіздігін сараптау параметрлері мен критерийлерінің кеңейтілген жүйесін ұсынады.

Алынған нәтижелердің ғылыми жаңалығы - ұсынылған жүйе В. А. Ясвин мектептің білім беру ортасын сараптаудың педагогикалық ғылымда танылған әдістемесінің модификациясы негізінде әзірленді. Сонымен қатар, мақала авторлары білім беру ортасының модальділік коэффициентін (сапалық параметр) есептеудің ұсынылған әдістерін сақтай отырып, киберқауіпсіздік ерекшеліктерін ескере отырып, сегіз (10-нан) сандық параметрлердің өзіндік түсіндірмесін ұсынды

Мектеп ортасының киберқауіпсіздігін сараптау параметрлері мен өлшемдерінің әзірленген жүйесі өлшеу құралы ғана емес, сондай-ақ осындай ортаны қалыптастырудың педагогикалық тетігі болып табылады.

Зерттеудің келешегі ғылыми және кәсіби аудиторияда біз ұсынған мектеп ортасының киберқауіпсіздігін сараптаудың түрлендірілген әдістемесін талқылауға, оны нақты білім беру процесінде сынақтан өткізуге және ғалымдар мен педагогтардың пікірлерін ескере отырып пысықтауға байланысты.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Syrymbetova L.S., Zhylbayev Z.O.., Kulsharipova Z.K., Mukasheva M.U., Abykenova D. МЕКТЕП БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНЫҢ КИБЕРҚАУІПСІЗДІГІН САРАПТАУДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІ МЕН КРИТЕРИЙЛЕРІ // Педагогика және психология. – 2023. – № 3(56). – С.124–130: DOI: 10.51889/2960-649.2023.15.3.014 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1542 (дата обращения: 4.12.2024)