Мақалада тиімді сұрақ қою арқылы бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлауын қалыптастыру мәселесі қарастырылған. Тақырыптың өзектілігін анықтау мақсатында білім және ғылымды дамыту тұжырымдамасы мен бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талданады. Сондай-ақ, «сыни ойлау» ұғымын зерттеген отандық және шетелдің ғалымдардың зерттеулеріне шолу жасай жасап, оқушының білім кеңістігінде еркін дамуына мүмкіндік беретін дағдылардың бірі екендігіне көз жеткіземіз. Жалпы педагогикалық процесс Дж.Стил, К.Мередит және Ч.Темпл ұсынған сыни ойлауды дамытудың педагогикалық технологиясының үш кезеңі, қызметі және әдіс-тәсілдері арқылы жүргізілді. Оқушылар сыни ойлауды дамытудың педагогикалық технологиясын қолданудың нәтижесінде бірінші кезеңде - қателесу, мұғалімнің түзетуінен қорықпай, өз ойларын еркін жеткізу; өз білімі мен тәжірибесін жаңарту; тақырыптың ауқымды мәселелерін шешу, ортақ шешімдер қабылдау; екінші кезеңде - жаңа ақпараттың мазмұнын түсіну, бұрыннан бар білім мен тәжірибені салыстыру, тиімді және шешімді табуға бағытталған сұрақтарды қою және оған жауап беру, жаңа ақпарат жайында өзіндік өй-пікір білдіру, өз позициясын дәлелдеу; үшінші кезеңде - өз бетінше міндеттерді айқындау, болжам жасау, шешім қабылдау мүмкіндіктеріне ие болды. Зерттеу обьектісі бастауыш сынып оқушылары болғандықтан, тәжірибелік-эксперимент жұмыстары З.Космодемьянсая атындағы №23 мектеп-лицейінің 4 «В» және «Г» сыныптың оқушыларымен жүргізілді. Эксперименттің үш кезені іске асырылыд. Қалыптастырушы кезеңде оқушылардың сыни ойлауын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар 4 сынып қазақ тілі оқу бағдарламасының оқу мақсаттарының негізінде әзірленді. Зерттеу мәселесіне бағытталып әзірленген тапсырмалардың тиімділігі тәжірибелік-экспермент барысында дәлелденді.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНИ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНИ ОЙЛАУЫН ТИІМДІ СҰРАҚ ҚОЮ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жарияланған September 2023
138
208
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
сыни ойлау, технология, бастауыш сынып, тиімді сұрақ, шешім қабылдау, талдау, салыстыру, рефлексия, эксперимент.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Альмуханбет Ш., Есназар А. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНИ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНИ ОЙЛАУЫН ТИІМДІ СҰРАҚ ҚОЮ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ // Педагогика және психология. – 2023. – № 3(56). – С.115–124: DOI: 10.51889/2960-1649.2023.15.3.013 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1540 (дата обращения: 21.11.2024)