Әзірбайжандағы ұлттық білім беру бағдарламасының психологиялық негізі болып табылатын Ализаденің үш компонентті таксономия тұжырымдамасы қарастырылған. Оқу мақсаттары таксономиясын 1930 жылдардан бастап зерттеу объектісі ретінде әр түрлі ғалымдар зерттеп келе жатқандығы, танымдық процестермен интеллект құрылымын бейнелейтін тұжырымдамалық модельдер жасалынғаны атап өтілді. А.Ализаде бірінші болып заманауи білім беру теориясының қағидаларына негізделген үш компонентті таксономияны құрды. Ализаде таксономиясының екі нұсқасы бар. Бірінші нұсқада (1998) таксоналар қазіргі білім беру теориясының тұжырымдамалық өлшемдерімен «Білім – даму – білім» трилогиясы аясында талданады. Трилогияның екінші нұсқасында (2007): «Білім – Даму – Мәдениет». Профессор А.Ализаденің «Үш компонентті таксономиясы» «Әзірбайжан Республикасындағы жалпы білім беру тұжырымдамасы (Ұлттық Куррикулум)» құжатының ғылыми-психологиялық негізі болып табылады. Жүргізілген зерттеулер білім беру жүйесінде таксономиялардың білім берудің дұрыс мақсаттарын қою қажеттілігін растайды, осылайша оқушылар мақсаттарды дұрыс тұжырымдай алады, бағалаудың тиісті құралдарын таңдай алады және оқыту нәтижелеріне негізделген нақты талдауды жүргізегі қажет.
Әзірбайжан психопедагогикасындағы Абдула Ализаденің іш компонентті таксономиясы
Жарияланған December 2020
97
109
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Султанова И. Әзірбайжан психопедагогикасындағы Абдула Ализаденің іш компонентті таксономиясы // Педагогика және психология. – 2020. – № 4(45). – С.248–254: DOI: 10.51889/2020-4.2077-6861.30 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/144 (дата обращения: 21.11.2024)