Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Коммуникативті құзыреттілік-заманауи педагогтің кәсіби құндылығы

Жарияланған December 2020

154

164

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Аңдатпа

Мақаланың өзектілігі білім беру саласына білікті кадрлар дайындаудағы көкейкесті мәселеге байланысты. Адамзат өркениетінің дамуындағы әрбір кезең ұстазға жеке тұлға ретінде және оның кәсіби қызметіне өзіндік талап қояды. Жаһандану үдерісі және еңбек нарығындағы қазіргі тенденция салдарынан жоғары білім беру саласына арналған аса білікті мамандар даярлауда жаңа міндеттер туындауда. Осы тұрғыдан, мемлекетіміз білім берудің негізгі тапсырыс берушісі ретінде, оқытушы мамандығына нақты тұжырымдалған, біліктілік талаптарын ұсынады. Заманауи білім беруші- білім беру қатынастарының барлық қатысушыларымен жоғары кәсіби деңгейде қарым-қатынас жасау қабілеті бар маман, басқаша айтқанда, коммуникативті құзыреттіліктің жоғары деңгейдегі иесі. Мақаланың мақсаты – білім беруші тұлғаның кәсіби қызметінің маңызды компоненті ретінде коммуникативті құзыреттілікті анықтау, оның мазмұны мен мәнін ашу. Мақалада осы материалдың практикалық маңыздылығын қамтамасыз ететін ұстаздың коммуникативті құзыреттілігін дамытудың құрылымдық моделі келтірілген.

 

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Sapargaliyeva A., Begimbekova S., Mametkhanova A. Коммуникативті құзыреттілік-заманауи педагогтің кәсіби құндылығы // Педагогика және психология. – 2020. – № 4(45). – С.213–221: DOI: 10.51889/2020-4.2077-6861.26 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/140 (дата обращения: 27.11.2024)