Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жарияланған June 2023

151

127

КазНПУ имени Абая
Абай атындағы ҚазҰПУ
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Эльмира Уайдуллақызы

Бастауыш білім беру кафедрасы

Аңдатпа

Бүгінгі күні қоғамның жылдам даму қарқыны бізді үлкен көлемдегі ақпараттар легімен тоғысуға алып келуде. Ақпараттар кез келген салада ауқымды бола түсуде. Соның ішінде үлкен маңызға ие, адамның болашақ іргетасын қалыптастырушы білім берудің бастауыш сатысындағы кең ақпарат көлемі болса, кіші мектеп жасындағы оқушыларға оларға көзқарасын реттеу, оны дұрыс қолдану үшін қажет ақпараттық мәдениет, ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру өзектілігі туындайды. Ақпараттық сауаттылық ақпараттық әлемге бағдарлануға, ақпараттық міндеттердің өзгеруіне байланысты бағытын өзгертуге, икемделуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол ойлау әрекетінде қолданылатын талдау, мақсат қою, шешім қабылдау, бақылау және бағалау тәрізді зияткерлік біліктерден құралады. Осы тұрғыдан бұл тақырып мұқият зерттеу жүргізуді қажет етеді.

Мақаланың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық мәселелерін қарастырып, оның тиімді жолдарын, әдістерін эксперимент нәтижелері негізінде ұсыну болып табылады. Зерттеу мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды: «ақпараттық сауаттылық» ұғымын талдау және ұғымға анықтама беру; бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылығының қалыптасу деңгейін анықтау; аталған мәселе бойынша негізгі өлшемдер мен компоненттерді ашып көрсету; бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолдарын ұсыну.

Мақалада «ақпараттық сауаттылықты» ұғымын білдіретін біліктер оның көрсеткіші ретінде қарастырыла келе, даму деңгейлері сараланған. Тұлғаның ақпараттық сауаттылығы  ақпараттар легінің күрделі үдерістерін талдауға мүмкіндік беретін оның мотивтері, білім, біліктері мен қабілеттерінің жиынтығы деген қорытынды жасалынған.

 

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Сартаева Н., Uaidullakyzy E., Zhumagul M., Tolegenov B., Kerimbayeva D. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ // Педагогика және психология. – 2023. – № 1(54: DOI: 10.51889/2077-6861.2023.1.30.029 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1347 (дата обращения: 21.11.2024)