Мақалада сөйлеу әрекетін дамыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қарастырылады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселелерінің өзектілігі білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерде бірнеше рет қозғалады, онда өскелең ұрпақтың заман талабына сай, бәсекеге қабілетті тұлға болып тәрбиеленуінің маңыздылығы айқын көрсетілген. Шетелдік және отандық ғалымдардың идеялары мен көзқарастарын теориялық талдау негізінде автор функционалдық сауатты тұлға ұғымының құрылымындағы құрамдас компоненттерді анықтайды. Со- нымен қатар, «сөйлеу қызметі» ұғымының анықтамасын кең мағынада ашылады. Сөйлеу қызметінің: тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу түрлеріне сипаттама беріледі. Бастауыш мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда «Тіл және әдебиет» оқу саласы бойынша пәндерді оқытудың маңызы зор, бұл ретте білім берудің жаңартылған мазмұны өтпелі тақырыптар арқылы танымдық қабілеттерін, өзін-өзі бағалауын, сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға, қоршаған ортаға бейімделуіне ықпал етеді.
Сөйлеу әрекетін дамыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Жарияланған December 2020
220
127
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
функционалдық сауаттылық; коммуникативті дағдылар; интелллектуалды сөйлеу шеберлігі; сөйлеу әрекеті; тіл
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Жусупбекова Г., Жұмаділ А. Сөйлеу әрекетін дамыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру // Педагогика және психология. – 2020. – № 4(45). – С.146–152: DOI: 10.51889/2020-4.2077-6861.18 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/132 (дата обращения: 27.11.2024)