Мақалада мұғалімнің жеке, жүйелік-белсенділік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге, үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты ұйымдастыруға қатысты тиімді қызметі туралы ұсыныстар берілген. Мұғалімнің жеке жұмысын ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың білімін, іскерлігін, құзыреттілігін толықтыру бойынша педагогикалық ұжымның жұмыс жүйесін көрсететін үлгерімі төмен білім алушымен жұмыс жоспары баяндалады. Төмен үлгерім мен үлгерімсіздіктің физиологиялық, жас, психологиялық, когнитивтік, әлеуметтік факторларын ескеру қажеттілігі қарастырылады. Өзін-өзі ұйымдастыру және өз бетінше жұмыс істеу қабілеті байқалады, толықтырушы оқыту өзектендіріледі.
Аталмыш мақала Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы тарапынан 2021-2023 жж. жүзеге асырылатын OR 11465474 «Білім және ғылым жүйесін дамытудың ғылыми негіздері» зерттеуді бағдарламалық мақсатты қаржыландыру аясында дайындалды. Авторлық топ осы мақаланы жариялауға мүмкіндік бергені үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне алғыс білдіреді.