Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдіснамалық мәдениетін қалыптастырудың маңызы өзекті мәселе ретінде қарастырылған. Ең алдымен, «Мәдениет» ұғымының эволюциясына толық талдау жасалып, даму перспективасы теориялық, әдіснамалық және танымдық себептермен ғана емес, әлеуметтік, кәсіби ұстанымдарына да байланысты екендігі айқындалады. Мәдениетті зерттеуде оның үш бағытта қарастырылатыны анықталады. «Әдіснама», «мәдениет», «әдіснамалық мәдениет» және «педагогикалық мәдениет» ұғымдарының өзара байланысты екендігі анықталып, педагогика әдіснамасына берген шет елдік және отандық ғалымдардың анықтамасына тоқталады. Педaгогикaлық мәдениеттің құрaмды бөліктері талданып, әдіснамалық мәдениет педагог-зерттеушінің инновациялық кәсіби-педагогикалық қызметі процесінде қалыптасатыны және жетілдірілетіні көрсетіліп, мұғалімнің әдіснамалық мәдениетінің құрамы, мазмұны талданады.
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жарияланған August 2023
157
309
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
мәдениет
педагогикалық мәдениет
әдіснама
педагогикалық әдіснама
әдіснама деңгейлері
әдіснамалық мәдениет
әдіснамалық сауаттылық
әдістемелік рефлекция
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Алимова Қ., Сманова А., Косшыгулова А., Абдрасилова Г. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ // Педагогика және психология. – 2023. – № 2(55). – С.14–24: DOI: 10.51889/2077-6861.2023.30.2.012 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1215 (дата обращения: 22.11.2024)