Андатпа. Еліміздің білім беру саласындағы өзгерістер үдерістері жалпыға ортақ сипатқа ие болып жатым, бұл білім беруді дамытудағы әлемдік тәжірибеге салыстырмалы талдау жүргізудің өзектілігін арттырады.
Мақалада 2018 жылғы Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптарына арналған "Музыка" пәні бойынша Қазақстандағы қолданыстағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны қарастырылады. Авторлар қазақстандық патриотизмді, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға адамгершілік-эстетикалық қатынасты тәрбиелеуге, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған неғұрлым басым білім беру ұстанымдарын ұсынды.
Сол сияқты, Ұлыбритания мен Сингапур елдерінің бүкіл әлемде танылған білім саласы, бастауыш мектептердің музыкалық біліміне жан-жақты талдау жасалынды. Осы елдердің бастауыш сыныптарына арналған музыканың типтік оқу бағдарламаларының мазмұнын зерттеуі авторларға шетелдік музыкалық-педагогикалық тәжірибенің ең құнды идеяларын анықтауға мүмкіндік берді. Мақалада авторларға зерттеуді мақсатына сәйкес жүргізуге мүмкіндік беретін салыстырмалы педагогиканың құралдары, әдістері мен әдістерінің жиынтығы сипатталған.
Жүргізілген теориялық зерттеулер негізінде жоғарыда аталған елдердің бастауыш мектептеріне арналған музыка бағдарламаларын әзірлеу өзгешелігі анықталды. Авторлар оқытуға арналған музыкалық материалдарының ұсынылуы және бағдарламалар құрылымындағы белгілі бір айырмашылықтарды, әр елдің ұлттық ерекшеліктері мен мәдениетіне байланысты деп көрсетті.
Сонымен қатар, салыстырмалы сипаттамаға сүйене отырып, еліміздің 2018 жылдан бастап қолданыстағы музыка типтік оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұнында шетелдік бағдарламаларға белгілі бір ұқсастық бар екеніне назар аударылды. Ұқсастықты жаңа буын оқыту мен компьютерлік технологиялардын таңдаған музыкалық білімнің мазмұнымен байланысынан, сондай-ақ балаларда музыка арқылы өз халқының мәдениетіне және басқа халықтардың мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеуден көруге болады.
Тірек сөздер: музыка, білім беру, оқу бағдарламасы, Қазақстан, Ұлыбритания, Сингапур, музыка пәні, сынып, оқыту,мақсат, міндерттер, салыстырмалы әдіс