Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру салауатты өмір салтының негізі

Жарияланған December 2020

217

155

Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Аңдатпа

Мақалада оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктерін айқындауда мемлекетіміздің негізгі құжаттарында қамтылған ережелер мен талаптарға, ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып әдіснамалық және практикалық маңызы ашылған. Экологиялық тәрбие жөніндегі ой- тұжырымдарының қай-қайсысында да, адам баласының өзін қоршаған табиғатты саналы түрде қорғауға, ал табиғат байлығын мейлінше молайта түсудің тиімді жолдарын іздестіруге, табиғи ортада болып жатқан кері өзгерістерді қалпына келтіруге қызмет ету қажеттілігі экологиялық білім арқылы тәрбие беру жүйесін құрайтындығы тиянақты тұжырымдалған. Ұлттық салт дәстүрлер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, тиым сөздер, ырым-жоралар негізінде тұлғаның табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастырудың негізгі бағыттары бойынша экологиялық тәрбие берудің мүмкіндіктерін қарастырылған. Жалпы экологиялық жүйе білім мен тәрбиенің үздіксіз бір жүйесі ретінде, қоршаған ортамен өзара байланыста іскерлікті, білімді меңгеру, тұлғаның санасына, көзқарасына ықпал ету нәтижесінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғат адамның бойындағы мейірімділік, қайырымдылық, табиғи сұлулықпен қатар рухани құндылықтарының да- муына өте үлкен ықпал ететініне жан-жақты сараланған.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Джанзакова Ш., Базаргалиев Ғ., Шәпиева М., Кайдарова А. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру салауатты өмір салтының негізі // Педагогика және психология. – 2020. – № 4(45). – С.23–29: DOI: 10.51889/2020-4.2077-6861.03 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/117 (дата обращения: 22.11.2024)