Мақала жалпы орта білім беретін мектепте сыныптан тыс өлкетану жұмыстарының түрлері мен ұйымдастыру ерекшеліктеріне, оқушыларды тәрбиелеу мәселелеріне негізделіп, тұжырымдалған.
Бүгінгі барлық жалпы орта білім беретін мектептердің алдында тұрған негізгі мақсаттардың қатарына заман ағымына сай жекелеген пәндерді оқытуда инновациялық әдіс - тәсілдерді кеңінен пайдаланумен бірге сыныптан тыс жұмыстарды тиімді ұйымдастыру, соның негізінде оқушыларды тәрбиелеу кезек күттірмес мәселелердің қатарында болып отыр. Қазіргі таңдағы бәсекелестік дәуірі тұлғаның бойында жан - жақты білім, білік, дағдылардың болуын талап етеді. Осы орайда еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін-ақ оқу - тәрбие үрдісінде туған жер, өлкетану жөнінде білім берудің қажеттілігіне байланысты мәселелер, мемлекеттік нормативтік құжаттар мен Жолдауларда айтыла бастады. Сондықтан қазіргі жаңартылған білім беру үрдісінде өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру, озық іс - тәжірибелерді пайдалану арқылы оқушыларды тәрбиелеу мәселесі жолға қойылып отыр. Осы орайда мақалада жалпы білім беретін орта мектептердегі өлкетанымдық жұмыстарды ұйымдастырудың өзектілігі мен ұстанымдары, сондай - ақ сыныптан тыс өлкетану жұмысының түрлері, оқушыларды тәрбиелеудегі мүмкіндіктері ғылыми талдаулар негізінде тұжырымдалған.