Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

ГЕРМАНИЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДУАЛЬДІ ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ

Жарияланған December 2022

86

134

КазНПУ имени Абая
Аңдатпа

Мақалада дуальді оқыту элементтерін болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау процесіне ендіру қарастырылады. Мұнда Германия мен Қазақстандағы дуальді оқытудың дидактикалық негіздемесі баяндалған. Онда, Германияда кәсіптік білім беруді реттеу туралы нормативті құжаттарда, негізінен, кәсіптік білім беруді ұйымдастыру туралы Ереженің үш түрі бөліп көрсетілген, Қазақстандағы кәсіби білім беру жүйесінде тиісті пән бойынша оқыту мазмұнын анықтайтын негізгі мемлекеттік құжат оқу бағдарламасы талданған.

Сондай ақ, Қазақстандық және Германиядағы кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістерін, құралдарын және формалары қарастырылған. Қортындылай келе, Кәсіптік білім беру Заңы мен болашақ маманның Кәсіптік стандартқа сәйкес мемлекеттік білім беру стандарты негізінде жасалатын нормативтік оқу-әдістемелік құжаттары, өндірісте  кәсіби білім беруді ұйымдастыру Уставы, Ережесі, оқытудың функциялары, әдістері, педагогикалық құралдары, формалары қамтитынын  және «оқу орны-өндіріс-үйлестіруші ұйымдардың» өзара әрекеттестік, субъект-субъектілік қарым-қатынастарына, өзара нақты келісілген, бекітілген шешімдеріне, қабылданған қаулылыраға негізделетінін айқындалған.

Түйін сөздер: дуальді оқыту, кәсіби даярлау, білікті кадр,  әлеуметтік серіктестік, болашақ маман, практика, оқу жоспары, жұмыс беруші, педагогикалық құралдар, студент, оқу орын.

pdf
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Акжолова А., Сманова А., Сурабалдиева Б., Айтенова Э., Уайдуллакызы Э. ГЕРМАНИЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДУАЛЬДІ ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ // Педагогика және психология. – 2022. – № 4(53). – С.45–54: DOI: 10.51889/8909.2022.37.24.024 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1152 (дата обращения: 21.11.2024)