Мақалада студенттерде биофизикалық ұғымдардың қалыптастыру ерекшеліктері қарастырылған. Зерттеу деректері зерттеушілер жасаған құрылымдық сұхбат формасы арқылы жиналды. Зерттеу нәтижесінде студенттерде биофизикалық ұғымдарды қалыптастыру мен дамытуды қамтамасыз ете отырып, ұғымдарды жиі пайдалану қажеттілігі көрсетілген. Зерттеу жұмысына қатысатын биология пәні мұғалімдері студенттердің биофизикалық түсініктерін қалыптастыру мен дамытуды қамтамасыз ете отырып, тұжырымдамалық карталарды пайдаланудың жағымды жақтары қарастырған. Тұжырымдамалық карталарға: пәнді тиімді оқытуды қамтамасыз ету, ойлау жүйесін жетілдіру, ұғымдар арасында байланыс орнату, сабақты қызықты ету және негізгі ұғымдарды меңгеруді жеңілдету, сонымен қатар, жеке оқу пәндерiне логикалық-құрылымдық талдау жасау арқылы жаратылыстану бiлiм мазмұнын құрайтын нысандар туралы ұғымдар (жалпы түсiнiктер, ұғымдарға бөлу, жiктеу, неғұрлым ұсақ түрлерге бөлу; нысандардың құрылымы мен қасиеттерi); нысандарды сипаттайтын негiзгi заңдар мен заңдылықтар; жаратылыс-ғылыми нысандардың қатысуымен өтетiн үрдістер мен олардың өзара әрекеттесуі; табиғи нысандар мен процестердi ғылыми тану әдiстерi сияқты мазмұндық желiлер жатады.
БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ БИОФИЗИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланған December 2022
91
100
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
ұғым
биофизикалық ұғымдар
заңдылықта
жіктеу
үрдістер
биологиялық білім
тұжырымдамалық карта
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Жумагулова К., Тұрсыматова О., Битибаева Ж., Ибадуллаева С., Үргенішбеков А. БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ БИОФИЗИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ // Педагогика және психология. – 2022. – № 4(53). – С.173–184: DOI: 10.51889/5272.2022.21.67.023 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1144 (дата обращения: 27.11.2024)