Мақала еліміздегі кәсіби даярлау жүйесіндегі болашақ педагогтарды бәсекеге қабілеттілілігін дамыту мәселелелеріне негізделіп, тұжырымдалған.
Қазіргі таңда барлық жоғары оқу орындарының алдында тұрған негізгі мақсат, жаһандану үдерістеріне сай келетін, бәсекеге қабілетті, әлеуметтік - экономикалық даму заңдылықтарына сай келетін мамандарды даярлау кезек күттірмес мәселелердің қатарында. Жаһандану дәуіріндегі бәсекелестік мәселесі жалпы экономика, индустрия, әлеуметтік және тағы басқа салаларымен бірге білім беру мен ғылымды дамыту саласын да айналып өте алмайды. Сондықтан мемлекет қойып отырған жаңартылған білім беру жағдайында оқу ісін тиімді ұйымдастыру, әдістемелік тұрғыдан аса бай мәліметтерге арқа сүйеу, жаңа ақпараттық технологияларды жүйелілікпен пайдалану, дамыған елдердің озық тәжірибелерін кеңінен қолданумен ерекшеленіп отыр. Осы орайда мақалада қазіргі таңдағы болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың алғышарттары мен негізгі аспектілері жан-жақты тұжырымдалған. Сондай-ақ болашақ педагогтарды даярлау жүйесінде тек кәсіби құзіреттіліктерді игертіп қана қоймай, нарықтық жағдайға байланысты бәсекелестік жағдайына қажетті негізгі әдістемелік ұстанымдар, теориялық білімдері мен біліктерін, жүзеге асырудағы ерекшеліктері негізделген.