Мақалада бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолдары айқындалды. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мәселесі тілдің қасиеттері мен қызметі арқылы, оның қоғамдық рөлі мен қолданылу сипаты анықталды. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда сөзбен жұмыс, сөз тіркесі мен сөйлеммен жұмыс және байланыстыра сөйлеуге үйрету жұмыстарының түрлері көрсетілді. Сөздің мағынасын, ерекшеліктерін айқындауға арналған жаттығулар топтастырылды. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдылары айқындалды. Жалпы бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мәселесінің өзектілігін ескере отырып арнайы жаттығулар жүйесі әзірленді. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолдарын анықтауға байланысты зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде оқушылар жеткілікті дәйекті ұсыныстар жасауды, логикалық жүйелілікті сақтай отырып ойды дәл жеткізуді, сөздерді, сөз тіркестерін қолдануды, сұраққа орынды және нақты жауап беруді үйренді. Зерттеу нәтижесіне сүйене отырып біз әзірлеген жаттығулардың бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда рөлі зор екендігі анықталды.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Жарияланған December 2022
145
127
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
сөйлеу мәдениеті, бастауыш сынып, тіл дамыту
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Есназар А., Кошербаева А., Кошкарова М., Уайдуллакызы Э. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру // Педагогика және психология. – 2022. – № 4(53). – С.165–173: DOI: 10.51889/6799.2022.33.60.021 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1138 (дата обращения: 23.11.2024)