Қазақстанда аралас оқытудың мәселелері осы күнде көп айтылып, жан-жақты зерттелуде. Алайда, педагогика мамандығы бойынша оқитын магистрант студенттердің аралас оқыту формасы туралы көзқарасы жөнінде зерттеулер жоқ, сондықтан осы зерттеу өте өзекті. Жұмыстың мақсаты аралас оқытудың мәселесін зерттей отырып, педагогикалық бағытта оқитын магистранттардың аралас оқытуға деген көзқарастарын анықтау. Жұмыстың міндеті: аралас оқытудың мәнін айқындау; аралас оқыту форматының шет ел және отандық оқу орындарындағы мәселесін анықтау; Қазастандағы педагог магистранттардың аралас оқытуға деген көзқарасын анықтау. Авторлар өз мақсаттарына жету үшін сауалнама жүргізді. Сауалнама онлайн түрінде Google Form платформасында жүргізілді. Сауалнамаға 76 магистрант қатысты және оның нәтижесінде магистранттардың басым бөлігінің аралас оқыту технологиясымен таныс екенін, оны білетіндігін, бұл форматты қолдайтындықтары байқалды. Аралас оқыту онлайн оқыту мен дәстүрлі бетпе бет оқытуды қамтитын болғандықтан, магистранттардың қай бөлігін ұнататындықтары да анықталды. Барлығы дерлік онлайн бөлігін ұнатады екен. Себебі, ол магистранттардың жолға кететін уақытын үнемдейді және өз беттерімен оқуын ынталандырады. Аралас оқытудың артықшылығы да кемшілігі де онлайн бөлігінде, ал офлайн өтетін сабақтың кемшілігі тек жолға кететін уақыт. Жалпы, барлық магистранттар аралас оқыту формасын жақсы деп таниды және болашақта пәндердің барлығы осы форматта өтуін ұсынды.
Магистрант студенттердің аралас оқыту (Blended Learning) технологиясына көзқарасы
Жарияланған December 2022
121
141
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Калиаскарова А., Жундыбаева Т. Магистрант студенттердің аралас оқыту (Blended Learning) технологиясына көзқарасы // Педагогика және психология. – 2022. – № 4(53). – С.263–274: DOI: 10.51889/5876.2022.38.71.019 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1124 (дата обращения: 27.11.2024)