Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ

Жарияланған December 2022

176

153

Казнпу им.Абая
Аңдатпа

Мақалада білім беру жүйесіндегі өзгерістердің тиімді жақтарын анықтау мақсатындағы бірқатар мәселелер қозғалды. Қазіргі қоғам талабына сай жаңа технологиялардың пайдалану жолдарын айқындау барысында пән бойынша ақпараттардың қолжетімділігі және күнделікті қысқа мерзімді сабақ жоспарын жазуда қалыптастырушы бағалау саны мен тапсырмалары туралы сауалнамалар жүргізіліп, қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастырудағы мәселелер анықталып, шешімдеріне талдау жасалынып, тұжырымдар келтірілді. Қазіргі таңда ақпараттандыру жүйесінің белең алып жатқан кезеңдерінде білім беру мәселелері уақытылы шешіліп, жаңа әдістер, жобалар мен оқу-әдістемелік нұсқаулықтар құрастырылып жатыр. Олардың тиімді немесе тиімсіз тұстары мұғалімдердің қысқа мерзімді жоспарларында бекітілген мақсаттарына сай құрастыратын қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының сапасында.

Жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін оқушылардың өз бетінше ойлау, тұжырымдарға пікір келтіру, мәселелерді айқындап, шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруда қызығушылықтарын арттыратын әдіс-тәсілдер қажет. Мақалада ақпараттық құралдар көмегімен жаттығатын, қызығушылықты арттыратын, тапсырмалар құруда мұғалімдерге көмекші цифрлық құрал болатын quizizz.com онлайн-сервисі туралы құнды ақпараттармен және жеке тәжірибеден алынған сурет скриншоттары ұсынылған. География пәнінен «Гидросфера» тарауы бойынша берілген тақырыптарға байланысты құрастырылатын қысқа мерзімді сабақ жоспарына енгізуге болатын қалыптастырушы бағалау тапсырмаларына мысалдар келтірілді. Алайда, бұл сервисті күнделікті пайдалану оқушыларды тез зеріктіріп жіберуі мүмкін, сондықтан оқу мақсаты бойынша күрделі тақырыптарда, сабақ жоспарын құруда онлайн-сервистердің көмегімен дидактикалық қор кеңістігін кеңейтіп пайдаланылса оқу мақсаттарына толық жетеміз.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Мусахан Р., Боранкулова Дина Мэлсовна ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ // Педагогика және психология. – 2022. – № 4(53). – С.105–115: DOI: 10.51889/1589.2022.67.73.017 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1116 (дата обращения: 21.11.2024)